«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.02.2017

Қамқорлық  жасау адами қасиет!

      

Қазақстан  Республикасы Үкіметінің  2008  жылғы 25 қаңтардағы № 64 қаулысы аясында әлеуметтік  қорғалмаған  санатындағы  балаларға көмек  көрсету  мақсатында  Республикалық  «Қамқорлық»

қайырымдылық акциясы   2017 жылы   10 қаңтардан 10 ақпан  аралығында жалпы  орта 

білім  беретін  мектептерде ұйымдастырылуына байланысты Островская  орта мектебінің  ұжымы да 

өз  үлестерін қосты.

10 қаңтардан  10  ақпанға дейінгі аралықта  қайырымдылық  акциясы жөнінде  жоспар 

құрылып, сол  жоспар  бойынша жұмыстар  атқарылды.

Мектеп ұжымы  әлеуметтік   көмекті  қажет  ететін  отбасы балаларына    қайырымдылық  жасау, 0-18 жас аралығындағы балаларды  жаппай оқумен қамту және  әлеуметтік көмекпен  қамтамасыз ету жұмыстарын

ұйымдастырды. Қадағалаусыз  және  панасыз қалған  балаларды  анықтау мақсатында  рейдтер  жүргізілді.

Мектеп педагогтары  мен қызметкерлері көп балалы, жағдайы төмен отбасының балаларына көмектерін көрсетті. Атап айтар болсақ, ауыл тұрғыны Мухамбетжанова А., мектептің  медбикесі Нуркенова Т.   және Баязит Б.  қазақ тілі мұғалімі Бірлестік Ә.  психолог Абай Г. сияқты педагогтар мен қызметкерлер, ауыл тұрғындары әлеуметтік жағдайы төмен отбасының балаларына киім – кешекпен  көмек қолдарын созды.

«Қамқорлық» қайырымдылық акциясы   барысында   «Балаларға шаттық   сыйлайық!»  тақырыбында Бакиров Д, Искакова Ж.Е., Сыздыков Ж.Б. сияқты мұғалімдер  сынып сағаттарын өткізілді. Сынып сағаттарының  мақсаты - балаларды мейірімділікке, достыққа, адамгершілікке, әдепті болуға  тәрбиелеу.

Айлықтың   аяғыны  қарай әлеуметтік  педагог  «Қайырымдылық – имандылық  белгісі» 

тақырыбында   дөңгелек  үстел өткізді.

Қорытындылай келгенде, адамдар бір-біріне жақсылық жасаудан жалықпаса, өмірде сыйластық, қамқорлық, достық, сүйіспеншілік,қарым-қатынаста болады. Ал қоғамда татулық пен бірлік орнайтыны сөзсіз.

 

Островская орта мектебінің

 әлеуметтік педагогі

Шингисова Ж.А.

Просмотров: 427

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст