«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.04.2018

Гуманитарлық

бағыт бойынша өткізілген

онкүндіктің

қорытындысы

2017-2018

оқу жылы

Ақпан айының 26 ақпан -12 наурыз

аралығында гуманитарлық бағыт бойынша онкүндік жоспарланып өткізілді.

«Жинақтадым, талдадым, ой қорыттым» тақырыбында бүктемелер, кітапшалар, альбомдар

сайысы өткізілді. Орыс әдебиетінен Левицкая Т.А. 5 «б» сыныбынды К.Г.

Паустовскийдің «Теплый хлеб» әңгімесінен ашық сабақ өткізілді. Сабақта мұғалім

оқушылардың оқу сауаттылығын арттыруға көңіл бөлді. Оқушылар өз ойларын еркін

айта отырып, тапсырмалар орындап, өз ойларын қорытты. 7 «а» сыныбында Бирлестик

А. қазақ тілінен  «Дұрыс

тамақтану-денсаулық кепілі» тақырыбында ашық сабағын жүргізді. Сабақта мұғалім

оқытудың 7 модулін ықпалдастыра отырып қолданды. Талантты және дарынды

балалрмен, жас ерекшелігіне сай оқыту модульдерін ашып, көрсете білді. АКТ-да

ақпараттар бере отырып, оқушылардың шығармашылықтарын арттыруда өлең

құрастырып, ой толғау жаздырды. «Галереяны аралау» бойынша оқушыларға «Ысқыру

диктантын» өткізді, есте сақтау қабілеттерін арттыруға мән берді. Сабақ

жаңартылған мазмұнға сай өткізілді.

Одан кейін Левицкая Т.А. «Умники

и умницы» сыныптан тыс іс-шарасын ұйымдастырды. Онда  оқушылар танымдық қабілеттерін арттыруға

байланысты викториналық сұрақтар мен тапсырмалар өткізілді. Оқушылар белсенді

қатысты. Бекерыс А. тарих пәні бойынша «Ежелгі Грекиядағы білім мен ғылым»

тақырыбын 5 «а» сыныпта өткізді. Сабақта смайликтер арқылы қалыптастырушы

бағалауға аса мән берілді. Әр тапсырма бойынша оқушылар бірін-бірі оқыта

отырып, жаңа ақпаратты меңгеріп алды. Сабақ жаңа мазмұндағы оқытуға сай келеді.

Мұғалім іздене отырып жоспарлаған, сабақ құрылымы өте жақсы. Соңынан Бекерыс А.

«Кім жылдам?»  тақырыбында сыныптан тыс

іс-шарасын өткізді. Оқушылардың арасында 5-11 сынып оқушылары өзара сайысқа

түсіп екі командаға бөлінді. Соңында екі команда тең түсті. Оқушыларды

мадақтама қағаздарымен марапаттады. Жоспарға сәйкес онкүндіктің соңында

оқушылардың жасаған буклет, кітапшалары қорытындыланды. Қорыта келе, 7 «а»

сынып «І. Есенберлин біздің жерлесіміз» тақырыбында жасаған бүктемесі сәтті

шықты, марапатталды.

 

 

Просмотров: 483


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст