«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ
ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Ұлттық
рухани жаңғыру: «Мұражай мұралары»
Уақыттың зымырап өтіп жатқаны айтпа-ақ та бәрімізге түсінікті, белгілі. Кешегі болған оқиғалар мен адам өмірі бүгін тарих болып қағаз беттеріне еніп жатқаны да айдан анық.
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: «Рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласында «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз,
әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс»-дей келе, «Абайдың
даналығы, Әуезовтың ғұламалығы, Жамбылдың жырлары мен Құрманғазының күйлері,
ғасырлар қойнауынан жеткен бабалар үні - бұлар біздің рухани мәдениетіміздің
бір парасы» -деп, ой түйіндеген еді.
Сондай рухани мәдениетіміздің бір парасы кешегі сүрген
өмірі, тарихи шығармасы бүгінгі тарих болып жазылып қалған, тағы бір
қайталанбас тұлға - І.Есенберлин.
І.Есенберлин дегенде «Көшпенділер» трилогиясы ойға қоса оралары да хақ. Сонымен
қатар І.Есенберлин біздің жерлесіміз, Ақмола облысының азаматы екенін бірі
білсе, бірі біле де бермейді. Осы орайда рухани жаңғырудың тағы бірі - І.Есенберлин
өмірі мен тарихы, шығармашылығына тереңірек ену деп түсіндім.
Жалпы «Рухани жаңғыру» жайында іс –шаралар өткізу мектепішілік жоспарға енгізілген еді. Соның
ішінде гуманитарлық әдістемелік бірлестіктің жүргізілетін онкүндік жұмыс
жоспарына сәйкес Атбасар ауданындағы
І.Есенберлин атындағы мұражайға «І.Есенберлин - біздің жерлесіміз» деген
тақырыпта экскурсияға бару жоспарланған
болатын.
Шуақты көктемнің алғашқы күндерінің бірінде аталмыш
мұражайға оқушылармен бірге бардық. Ол жерде мұражай қызметкерлері бізді жылы
жүздерімен қарсы алып, І.Есенберлин өмірінен суреттерін көрсетіп, әлі күнге дейін сақталғанын, қолданған жұмыс
үстелі, көзілдірігі, телефоны мен жол сөмкесі тағы басқа заттарын көрсете
отырып, түсініктер берді. Өз қолымен жазылған жазбаларымен таныстырды. Ал
оқушылардың әдебиет сабағында естігенімен, көзімен көргендегі әсерлерінің
ерекше болғанын қуанышты жүздерінен байқамау мүмкін емес еді. «Мың естігеннен
бір көрген артық» - деген осы-ау дегенді оқушылардың көздерінен түсіндім.
Балалар белгілі тұлғалар өмір сүрген уақыттағы
заттары артында қалмайды,-деп түсінсе керек, «Бұл заттар шынымен
І.Есенберлин өзі қолданған заттар ма?»-деген сұрақтар қойып жатты.
Мұражай таныстырушы
ең үлкен туындысы «Көшпенділер» жайында айтып, І.Есенберлин жайында
арнайы түсірілген деректі фильм көрсетумен қорытындылады. Оқушылар мұражайдың ішінде өздеріне ұнаған
бұрышында суретке түсіп, қызыққан мәліметтері бойынша сұрақтарын қойып жатты.
Мұражайдан көңілді, рухани байып шыққан оқушылармен
Атбасар қаласындағы орталықта орналасқан І.Есенберлиннің ескерткішінің жанында
суретке түсумен экскурсиямызды аяқтадық.
Мектепке келген соң, мұражайды қорытындылау мақсатында
«І.Есенберлин - біздің жерлесіміз» тақырыпта 5-11 сыныптар арасында сыныптан
тыс іс-шара ұйымдастырдым. Оқушылар өз білгені мен түйгендерін ортаға салып,
алған әсерлерімен бөлісті.
Сөзімді қорыта келе, жерлесіміз І.Есенберлин жайында оқушыларға дәріптей отырып, мәдениетіміз бен әдебиетіміздегі
осындай аты алтын әріптермен жазуға лайықты тұлғаларымыздың тарихына тереңірек
үңілу- біз үшін «Ұлттық рухани жаңғыру» болғандығын айтқым келді.