«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.02.2017

Тақырып:  Мейірімділік-асыл қасиет.

 

Құндылық: Сүйіспеншілік.

 

Қасиеттер: жақсы

көру, сүйіспеншілік, бауырмалдық, жанашырлық, қамқорлық.

 

Мұғалім: Мухамбетжанова Г.Е.

Сынып: 

 Сабақ мақсаты: Сүйіспеншіліктің

құндылық ретіндегі мәнін ұғындыру.

Міндеттері:

1.Мейірімділік, қайырымдылық туралы түсінігін кеңейту.

2.Мейірімділіктің адам өміріндегі

маңызы, өзара қарым-қатынастары.

3.Мейірімділікке, сүйіспеншілікке,

қамқорлыққа, жанашырлыққа тәрбилеу.

Ресурстар:Оқулық, дәптер, кеспелер,

сурет, аудиоплеер, түрлі-түсті қағаз

Сабақ барысы:

 

І.Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

«Нұрға бөлену» (баяу

музыка қойылады)

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар.

Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады.

Көздерңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге

қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің

түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр

ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің

қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.

Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің

қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді

және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін

шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен

махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек

шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз

тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз

тек жақсыға қарап, бәрінен тек жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей

нұрға бөленіп, басыңыза тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап және шұғылана бастайды, сіздің

денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,

мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша

түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға

толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарға,

өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын....

Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз:

«Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын.»

Осыдан Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем

сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.

Жаңа сабақтың

тақырыбымен таныстыру:

-          Біз

бүгінгі сабақта адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы

әңгімелесеміз.

-          Балалар

мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге,

іс-қимылынан табуға болады. Мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.

Әңгімелесу

-          Мейірімділікті

қалай көрсетуге болады?

-          Өздеріңе

мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

-    

Мейірімділік деген не екен сонда?

 Балалардың жауаптарын түйіндеу:

-          Мейірімділік дегеніміз не?

Мейірімділік – ол басқалардың игілігі үшін қамқор болу. Мейірімділік

адамдармен, жануарлармен, табиғат пен қарым-қатынаста байқалады. Шынайы

мейірімді болу-өзіңнен гөрі адамдар мен айналаны қоршағандарға қамқор болу

дегенді білдіреді. Ол рақымшылдық пен аяушылық. Мейірімді кісі әрқашан

басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасағысы келіп тұрады. Ботасынан

айрылған аруана сай-сүйегіңді сырқыратып, төбе құйқаңды шымырлатып боздағанын естідіңдер

ме? Бір сәт елестетіп көріңіздерші. Жерде жетім жыласа, көкте періште

қайғырады. Қыз баланың адамгершілігі, тәрбиелілігі, сұлулығы сыртқы көрінісінен

ғана емес, ішкі көрінісімен тең болу керек. Қазақ қыздарының нәзік жаны

мейірімділік, қамқорлық аясында өсіп, ілтипаттылық, үлкенді сыйлау, кішіге

қамқор болу мінезі қалыптасуы керек. Бала кезінен-ақ ата-анасын, бауырларын,

ұстаздарын сыйлай білу, халқын, жерін, тілін, салтын қадірлеу өз шаңырағын

ардақтай білу. 

Мәтінмен жұмыс: Мәтінді әңгімелеу.

     «Сары тауық пен балапандары»

М.Төрежанов

Күздің бір күні сары тауық балапандарын ертіп, ауылдан

ұзап кеткен. Аяқ астынан жаңбыр құйып кетті. Суық жаңбырдың астында қалған сары

тауық балапандарын қанша асықса да мекеніне жеткізе алатын емес.

Өйткені балапандарының жылы жүні әлі шықпаған

балғын жас еді.Сары тауық қатты састы. Шөжелерін қос қанатының астына алып,

бауырына басты. Бір балапаны сыймай сыртта қалды. Ана айла жасап, балапандарын

кезектестіріп бір-бірден тыста ұстап, тоңа бастағанда бауырына алып отырды.

Кезек ең кенжесіне келгенде ана оны сыртқа шығармады.

- Оны неге шығармайсыз?- деп сұрады бір ақ

балапан.

- Ол тым жас.

- Жас болса қайтеді? Кезегі

келгенде ол да шықсын.

- Cырқаттанып қалады.Кішімізге өзгеміз қамқоршы болуымыз

керек емес пе? Кәне, мұның

орнына кім барады?- деп сұрады анасы.

- Мен,-деді

тұңғышы.

- Мен барайын?-деді оған тетелесі.

-

Кезекті маған беріңіз!-деді одан кішісі.

-

Мен қалам ба сонда?-деді алғашқы қарсылық білдірген балапан.

-

Қатесін түсінген сенің барғаның жөн!- деді сары тауық балапанда тысқа қарай

ысырып.

-

Сары тауық су өтіп қатты жаурады. Бірақ балапандарын тоңдырған жоқ. Балаға

деген ыстық махаббатымен жылытып, сақтап қалды.

Күн

ашылып, ана жүрегіндей жадырады.

Оқушылардың

мейірімділік туралы пікірлері әңгіме мазмұны бойынша берілген сұрақтарға

жауаптары тыңдалады.

  • Сары тауық өз балапандарын қандай жақсы қасиеттерге баулыды?
  • Сары тауық өз аналық мейірімін қалай көрсете білді?
  • «Күн ашылып, ана жүрегіндей жадырады» дегенді қалай түсінесіңдер?
  • Ал сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?

Дәйексөз:

Тақтаға

«Мейірімділікті анадан үйрен» деген халық даналығын жазып қою.

-          Ана

халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да адамды да дүниеге әкелуші

ана дейді. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда

болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да

ананың кіршіксіз мейірінен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолыңда.

Ойын-тапсырма:

Мейірімділік

сөздерімен гүл құрастырайық.

Балалар сендер

мейірімді болуды үйде аналарыңнан, мектепте ұстаздарыңнан үйреніп жүрсіңдер.

Ендеше сол өзіміздің аналарымыз туралы айтайық.

-          Ол

қандай адам? (Баяу музыка ойнап тұрады)

Кішіпейіл,

мейірімді, сыпайы, әдепті, жанашыр, қамқоршы, кешірімді, бауырмал.

ҮІ. Бейнебаян қойылады. Мазмұны бойынша әңгімелесу.

-        

Қалай ойлайсыңдар,

бала неліктен қарт кісіге осылай көмектесті?

-        

Оған мейірімділікті

кім үйретті деп ойлайсыңдар?

ҮІІ.Дәптермен жұмыс.  (баяу

музыка қойылады)

«Мен мейірімді баламын» тақырыбында өздері жасаған ізгілік істері

туралы шағын әңгіме құрастырып жазу

Топпен

ән айту

Рефлексия

-        

Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?

-        

Бүгінгі сабақта мен нені түсіндім?

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 440

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст