«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ
ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
Мәңгілік еліміздің мәңгі тілі
Бирлестик Алемгул
Островская орта мектебі
қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі
Ана тілім, ардағым, бар байлығым.
Бір өзіңнен аламын мен тағылым,
Бір өзіңмен былдырлап тілім шықса,
Бір өзіңмен ғажайып алдым ғылым.
Қазақ тілім қадірлім, қасиеттім.
Бір өзіңді анамдай көкке өрлеттім.
Халқын сүйген бабалар
арқасында,
Міне осылай еркіндік күнге жеттім.
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім,
Кең даламдай өзіңсің дара тілім.
Сөйлегенде саз болып әуезденген,
Мақтанамын өзіңмен таза тілім.
Мәртебең асқақ болсын көк туымдай,
Ұл -қызың тек көп болсын жырлайтындай.
Мәңгілік еліміздің мәңгі тілі,
Тазалығың болсын мәңгі мөлдір судай.