«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ

ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 


СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

17.12.2017

Эссе «Махаббат пен мейірім»

        Бір күні құрбым жаныма келіп: «Осы махаббат деген не?», - деп сұраған кезде, сәл ойланып отырып қалдым. Шынында да, махаббат деген не? Ол сезім қайдан пайда болады?

...Махаббат – елге-жерге деген махаббат, ата-анаға деген махаббат, досқа деген махаббат, өмірге деген махаббат тағы басқа болып бөлінеді.

         Біз өзін-өзі тану пәнінен махаббат туралы тақырыпта сөз қозғаймыз, апаймен бірге көңілді түсіретіндей, көңілімізді көтеретіндей  әңгімелер айтамыз. Әр жолы әр түрлі ойларды да ойлаймыз. Сондай сабақтардан махаббат жайлы ой да түйдік. Сондай түйген ойларымның ойыма оралғанын қағаз бетіне түсіруді жөн көрдім.

         Махаббат – өзіңді ғана емес,  өзгені де жақсы көре білу. Қазір жаны ашу,

мейірбандық, жақсылық істеу сияқты істер жаны рухани байлыққа толы, махаббаттың

не екенін түсіне білетін адамдардың ғана қолынан келеді. Бірақ  «XXI жаңа ғасыр»  деп атап жүрген заманымызда ондай мейірімге толы жүрегі бар адамдар санаулы сияқты. Өйткені теледидардан «Балалар үйіндегі» аналары тастап кеткен балалардың бейнесін көргенде, осындай да аналар болады

екен ғой, - деп балаларға жаным ашиды, барып, көңілдерін аулап, әңгімелескім де

келеді. Ал ата – әжелеріміздің «Қарттар үйін» паналап жатқандығын естігенде,көргенде, мен де өскен соң  ата- анама осылай жасамайтын шығармын?,- деп өз- өзіме сенімсіз көзбен қарайтын кездерім

болады.

         Өмірдегі бар жақсылық махаббатпен жасалады, махаббатпен нұрланады. Жаныңа жақын, ниеті түзу доспен сырлассаң, ішкі әлемің жадырайды, жақсылыққа құштарлығың арта береді.

         Қоғамымызда жақсы ниетті адамдар, үлкендер азайып барады. Соның салдарынан балалардың да айналаға деген мейірі мен махаббаты жойылып кетудің алдында тұрғандай. Себебі, үлкендердің балаға

жасап жатқан жаныңды түршіктіретін қылмыстары балаларды да «махаббат, мейірім» деген жылы сезімнен айырып, адамға деген өшпенділікті тудыратыны анық. Оған әрқайсымыз күнделікті өмірде куә болып жүрміз. Оның үстіне бетпе-бет қарым- қатынастан көрі ұялы телефонға қысқаша түрде жазып, бір-біріміздің халімізді ғана сұрап қоямыз. «Ватсап», «В контакте» деген жаңа заманның дүниелерін қолдану - біздің оқуға деген, жан-жағымыздағы жаңалықтар мен жақсылықтарды елемеуге үйретуде. Кітап оқығанның есесіне ғаламтордан өзіме қажетімді тауып алам да керек жерін ғана көшіріп алам. Көркем әдебиетті аз оқимын. Кейбір көркем әдебиет оқымайтын достарым да баршылық. Бұл біздің, әрине,

болашағымыздың құруының бірден-бір жолы.

         Осындай қоғамда өмір сүріп жатқан біздердің болашағымыз не болмақ, қандай болмақ?! Сондықтан махаббаттың мейірім мен жақсылық жасаудан басталатынын, әдептілік пен бір-бірімізге деген құрметпен

жалғасатынын достарыма айтқым келеді. Ұялы телефонмен сөйлесуден көрі жиі бетпе-бет жүздесейік, жақсы ойларды көп ойлап, әдебиеттер мен Ұлылардың сөздерін оқып, көңілімізге түйіп отырсақ, махаббаттың нұрлы жолын табатынымыз анық. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер»- дегендей біз үлгі алатын үлкендердің жақсылық пен мейірімге, ізгілік пен аяушылық, имандылыққа 

жол бастаса, біздер, жас ұрпақ, еш жамандыққа, қатігездікке бармайтынымызды сеніммен айта аламын. Үлкендер жасағанды  көре отырып, біз де жасаймыз. Адам жанының асыл қасиеті өмірге, адамға деген махаббат болса, сол махаббатты молынан тарататын, бізге үлгі болатын үлкендер деп білемін.      Әрине, адамдардың барлығының бірдей ішкі жан дүниесінде жақсылық, махаббат жоқ, - деп айтып отырғаным жоқ. Кейбірі болса да, күнделікті көріп, естігеніміз  бізге әсер етері сөзсіз. Барлық үлкендердің бірдей жаны рухани бай,  тек жақсылық ойлайтын болса өмірде жауыздық, қатігездік жойылар еді. Оның есесіне өмірге деген, ізгілікке деген махаббат мол болар еді...

Просмотров: 888

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст