«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ
ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
2018 жылдың 9 қаңтары күнгі Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Төртінші Индустриалды
Революция жағдайында елдің дамуына арналған. Елбасы кезекті Жолдауында ресурстарды пайдаланудың тиімділігін
едәуір жақсарту, ақпараттық технологиялық шешімдерді енгізу, агроөнеркәсіптік кешен жаңа технологиялық деңгейге
көтерілуі туралы тағы да басқа еліміздің өркендеуіне негіз болатын 10 басым міндеттерді атады. Елбасы өз Жолдауында
әлеуметтік салаға ерекше көңіл бөлетіні мені қатты қуантады. Менің мамандағым мұғалім болғандықтан, маған
Елбасының адами капиталдың жаңа сапасына байланысты қойған міндеті санама жағымды болып табылды.
Соның ішінде мұғалімнің беделін арттыру қажеттілігі туралы айтқан сөзін білім-ғылымға деген ерекше көңіл бөлуінің
белгісі деп түсінемін. Сонымен қатар ел экономикасын одан әрі дамыту, халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту
жолдары, білім, ғылым саласы қызметкерлерінің еңбекақысы, базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 2017 жылмен
салыстырғанда 1,8 есе артуы әр қазақстандықты қуантарлығы сөзсіз.
Жолдауда ерекше мән берілген мәселе - денсаулық сақтауда жаңа технологияларды қолдану, аурулардың алдын алу
және емдеуді жақсарту, медициналық көмектің сапасын жақсарту. Әрине, бұл мәселенің шешілуі – халқымыздың өмір
сапасының, халықтың әл-ауқатын жақсаруына жағдай жасалатынына нық сенімдімін. Жолдауда осындай міндет қоюы
- Елбасының халыққа жасаған қамқорлығы деп білемін.
«Нұр Отан» партиясы мүшесі ретінде Жолдауда қойылған міндеттерді өз жұмысымда бар күшімді салып,
жүзеге асыруды парызым деп білемін. Елбасы Жолдауынан қуат алып, өз жұмысымды алда да жетілдіре бермекшімін.
Мухамбетжанова Гульден Есмуратовна