«АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАҚСЫ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ
ТАРАСОВКА АУЫЛЫНЫҢ ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕБІ» КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
«Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»
онкүндігі
Островская орта мектебінде 2018 жылдың 2-12 ақпан аралығында «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты онкүндік өтті. 2 ақпан күні өзін-өзі тану мұғалімі Мухамбетжанова Г.Е. салтанатты түрде онкүндік ашылу рәсімін ұйымдастырды.
5 ақпан жақсы тілектер күні өтті. Оқушылар ата-аналарына, ұстаздарына, сыныптастарына ақ тілектерін білдірді.
6 ақпан күні кітапханашы Козачук К.С. «Мейірім төгетін ана» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
7 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Абай А. «Мейірімділік – асыл қасиет» атты суреттер сайысын ұйымдастырды.
8 ақпан күні бастауыш сынып мұғалімі Степанова А.А. «Мейірімділік жолдарымен» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. 9 ақпан күні Шепиль И.Н. «Мейірімділік әліппесі» атты сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырды. Іс-шаралар қызықты және тиісті деңгейде өтті.
9 ақпан күні 5-11 сынып оқушылары арасында «Әлем қандай тамаша!» атты коллаждар сайысы өтті. Мектепалды даярлық сыныбы мұғалімі Оспанова С.К. «Алтын жүрек анамыз» атты мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастырды.
12 ақпанда мектеп бойынша барлық сыныптарда «Мейірімділік – асыл қасиет», «Доброта – солнце, согревающее сердце человека» атты бірыңғай өзін-өзі тану сабақтары өтті.
12 ақпанда онкүндік қорытындыланды. Онкүндік флеш-мобпен аяқталды.
Директор Г.
Мухамбетжанова