23 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІ ҚАРСАҢЫНДА ӨТКІЗІЛЕТІН ОНКҮНДІК АЯСЫНДА мектебімізде 12 сәуір күні «Ғылымға апарар жол» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара ғылыми қызметкерлер күніне орай өткізіліп, оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Сонымен қатар, «Яссауидің рухани мұрасы» атты виртуалды көрме өткізіліп, оқушыларға ұлы тұлғаның еңбектері мен рухани құндылықтары кеңінен таныстырылды.