Тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес 5-8 сыныптарда "Біз таңдаған кітаптар"тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Мақсаты: оқуға деген қызығушылықты қалыптастыру және оқушылардың оқу ой-өрісін кеңейту; кітаптың пайда болу тарихымен және оның дамуымен таныстыру; кітапқа және оқу мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Сынып сағаты барысында сынып жетекшілері оқушыларды ежелгі қолжазбалардан бастап қазіргі заманғы баспа және электронды басылымдарға дейінгі кітаптардың пайда болу тарихымен таныстырды. Оқушылар кітаптардың алуан түрлілігі туралы білді: көркем, публицистикалық, анықтамалық, электронды басылымдар. Кітаптың адам өміріндегі рөліне және оның білім мен өзін-өзі дамытудағы маңыздылығына ерекше назар аударылды. # Адал_азамат #oqu_agartu_ministrligi #gani.beisembayev #anar_tanirbergenova18 #saule_amanzhol aqmoedu Kurmangalieva 405 saltanat.temirgali