8-11 сынып оқушылары арасында өмір қауіпсіздігі мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне арналған тақырыптық әңгіме өткізілді. Әңгімелесудің мақсаты: оқушылардың азаматтық қорғаныс жүйесі, төтенше жағдайлардағы мінез-құлық ережелері туралы білімдерін қалыптастыру, сондай-ақ өз қауіпсіздігі мен айналасындағылардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті тәрбиелеу.