5-11 сынып оқушыларының цифрлық сауаттылық деңгейін арттыру, Интернет желісінде жауапты, құқықтық және қауіпсіз мінез-құлықты қалыптастыру, кибербуллинг пен интернет-тәуекелдердің алдын алу үшін "цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам"сынып сағаты өткізілді. Сынып сағаты барысында білім алушылармен әңгімелесу, пікірталас және жағдайларды талдау форматында цифрлық кеңістіктегі қауіпсіз мінез-құлықтың өзекті мәселелері қаралды. "Цифрлық әлемдегі қауіпсіз қадам" тақырыбында сынып сағатын өткізу білім алушылардың цифрлық мәдениетінің деңгейін арттыруға, Киберқауіптердің алдын алуға және Интернет желісінде қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.