Оқушылардың мектеп оқулықтарына ұқыпты қарауын қалыптастыру, жауапкершілік пен дәлдікке тәрбиелеу, сондай-ақ оқу қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында мектепте "таза кітап"деп аталатын оқулықтардың жай-күйін тексеру бойынша 5-8 сыныптарда рейд өткізілді. Тексеру қорытындысы бойынша білім алушылардың көпшілігі оқулықтарға ұқыпты қарайтыны, оқулықтар қанағаттанарлық жағдайда екендігі, олардың сақталуына қойылатын талаптар негізінен сақталатыны анықталды. Сонымен қатар, оқу әдебиеттерімен дұрыс жұмыс істемеудің жекелеген жағдайлары анықталды (мұқабалардың болмауы, бүлінген беттер). Бұзушылыққа жол берген білім алушылармен мектеп мүлкіне ұқыпты қарау қажеттілігі туралы түсіндірме әңгімелер жүргізілді. Рейдті мектептің өзін-өзі басқару мүшелері жүргізді. Аға тәлімгер Жамбыл Қ. Б.